Түркістанда «Көктөбе» демалыс аймағының ашылу рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласында «Көктөбе» демалыс аймағы пайдалануға берілді. Құрылысы 2021 жылы бастау алған аймақтың бүгінгі таңда толықтай монтаж жұмыстары аяқталған. Жоба құны 100,367 млн теңге.

Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарын, татулық пен келісімнің нұрына бөленген Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, ардагерлер кеңесінің мүшесі Сейдулла Адыршаев көпшілікті жаңа демалыс аймағымен құттықтап, өскелең жастарға рухани серпін берер орын болатынын атап өтті. Мерекелік шарада ел бірлігіне арналған әсем әуендер орындалып, мың бұралған бишілер мерекенің көркін ашты .

Айта кетейік, демалыс аймағында 25 метр биіктікті құрайтын еліміздің Көк байрағы орналасқан. Жан-жағы абаттандырылып, орындықтар, көлік тұрағы, қоқыс жәшіктері, күзет бөлмесі бар. Сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейне камералар орналастырылған. «Көктөбе» қала көшелерімен есептегенде 540 м биіктікте орналасқан.

Сол тұстан қаланың барлық аймағын тамашалауға болады. Бүгінгі таңда, қала әкімдігі тарапынан демалыс аймақтың маңайына кәсіпкерлік нысандар салуға инвесторларды тарту жұмысы жүргізілуде. Болашақта Кентаудың келбетті демалыс аймағына айналары сөзсіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы