Түркістанда картоп экспортына байланысты шекара бекеттерінде бақылау күшейді

Түркістан облысында картоп экспортына қойылған шектеуге байланысты шекара бекеттерінде бақылау күшейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданған болатын. 

Осыған орай Түркістан облысында барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне бақылауды күшейту туралы ескертілді. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров өңірде арнайы штаб құрып, шекара аймақтарын бақылауға алуды тапсырды.  

Айта кетейік, жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісімшарт жасалған. 

Соңғы мәлімет бойынша, тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруа қожалықтарының қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы.

Ғалия Бисейіт

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы