Түркістанда халықаралық балаларды қорғау күнінде 500 оқушы бір мезетте күй тартты

Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, халықаралық, республикалық байқаулардың, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады. Сондай-ақ қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды.

Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағытында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылын облыс оқушылары үлкен жетістіктермен аяқтады. Халықаралық, республикалық, ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында дарынды балаларымыз 23 алтын, 17 күміс, 20 қола медальға қол жеткізді. Бұл – біздің өңірде талантты, білімді, жігерлі балалар өсіп келе жатқанының белгісі. Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімді білдіремін, – деді өңір басшысы. 

Еліміз бойынша жаңа мектептер ашу жөнінен де өңір алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары біздің өңірде 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биылғы жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді.

Жазғы сауықтыру лагерлерінде 35 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен тегін, "Қазақстан халқына" қоры есебінен 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Бұл маусымның тағы бір ерекшелігі алғаш рет лагерінде шатырлы және этно лагер ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы