Түркістанда грэпплингтен «Түркі әлемі» ашық турнирі басталды
Түркістан қаласындағы Olympic Center кешенінде жыл сайынғы халықаралық «Түркі әлемі» ашық турнирі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық грэпплинг федерациясы ұйымдастырған сайыстың өтуіне Түркістан облысының әкімдігі мен спорт басқармасы және «Turkistan Qol Oner Одағы» бірлестігі қолдау көрсеткен.
Яғни, екі күн бойы өтетін сайысқа қатысушылар мен көрермендер түркістандық қолөнершілердің бұйымдары қойылған көрмені де тамашалайтын болады.
Айта кетсек, грэпплингтен өтіп жатқан сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Олардың 400-ге жуығы 4-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болса, 30-ы балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы