Түркістанда «Фариза» спектаклі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан музыкалық драма театрында қазан айының 23-24 күндері «ФАРИЗА» спектаклінің премьерасы қойылады.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Идея авторы және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова сахналық қойылымның өзге туындылардан айтарлықтай ерекшелігі бар екенін жеткізді.
«Фариза» спектаклін қоюдағы басты мақсат – өрелі ақын, қоғам қайраткері, елімізге танымал тұлғаны халыққа терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интеллектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасында техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көрерменнің қызығушылығын арттыру. Бұл спектакль көрерменнің назарын аудару әдісімен, заманауи технологиялық құрылғыларымен, айрықша декорациямен, сахна көңіл-күйіне сәйкес арнайы жазылған музыкамен ерекшеленеді. Пьеса қазақ тілінде қойылады, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады, – деді Көпбасарова.Басты рөлдегі кейіпкерлерді «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев сомдайды.
Айта кетейік, «ФАРИЗА» спектаклі бар болғаны көрермен назарына төрт рет ұсынылған. Алғаш рет Алматы, Мәскеу қалаларында, сондай-ақ елордамыз Нұр-Сұлтанда қойылған. Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант иесі - Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығының тапсырысымен драматург Роза Мұқанова жазып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ұлттық рухани жаңғыру» жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады
Өзгелердің жаңалығы