Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті
Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚХА өкілдері, сондай-ақ аймақтағы полиэтникалық мектептердің меңгерушілері, мұғалімдері мен психологтары қатысты.
Семинар мақсаты – Түркістан облысындағы түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Іс-шара барысында сөз сөйлеген Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық қарым-қатынасты нығайту күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ білім алушыларды патриотизмге, толеранттылыққа, жоғары мәдениет пен өзара сыйластыққа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Алдағы күндері делегация құрамы Түркістан облысының Сарыағаш және Келес аудандарындағы ҚХА және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, аудан тұрғындарымен кездеседі.
- Астанада жастарға арналған экстремалды спорт жарысы өтті 08:11
- Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді 07:49
- Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды 07:12
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40