Түркістанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар қашықтан білім алуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ерекше білім беруді талап ететін балаларға 7 арнайы мектеп қызмет көрсетеді. Оның ішінде зерде бұзылыстары бар балаларға 3 мектеп-интернаты, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 және сөйлеу қабілеті нашар оқушыларға арналған 3 білім ұясы бар.

Аталған мектеп- интернеттарында жалпы 1377 бала білім алуда. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, барлық мекемелер психологиялық-педагогикалық түзету көмегімен қамтылған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты балалардың 500-ден астамы қашықтықтан білім  алуда. Әрқайсысы планшетпен қамтамасыз етілген, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мектеп-интернаттары халық арасында сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалса, санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы