Түркістанда егістікке жаңа технология енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Арыс қаласында алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдана отырып, мақта дақылын егудің жаңа технологияларымен тәжірибе алмасу бойынша семинар-кеңес өтті. 

Кездесу Байырқұм ауыл округінде «SPK-1» өндірістік кооперативінің егістік алқабында ұйымдастырылды.Семинар-кеңеске облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институтының мамандары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, ауыл округ әкімдері мен тауар өндірушілер қатысты. Кездесуде мақта дақылын егудің инновациялық тиімді әдістері туралы, сондай-ақ мақта дақылына мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар аясында баяндамалар жасалды. 

Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндетін тапсырған болатын. 

"Өнім көлемін көбейту үшін Түркістан облысында қарқынды жұмыстар басталып, «SPK-1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2019 жылы құрылған. Онда алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдана отырып, 200 гектар жерге мақта дақылы егілген. Кооператив гектарынан 60-80 центнерден өнім алу жоспарлауда. Облыс бойынша орташа өнімділік 24-25 центнерден болса, аталған шаруашылық 3-еседен артық өнім көп алуды көздеуде. Шаруашылықта алдағы уақытта жалпы 5 мың гектарға мақта дақылын егіліп, 500 адамды жұмыспен қамтылмақ. Жоба құны – 5млрд.теңге", - делінген таратылған ақпаратта.    

Шаруашылықта мақта алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін 4-дана тік ұңғыма қазылып іске қосылған. Мақта алқаптарын суару үшін 100 пайыз тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, толық автоматтандырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы