Түркістанда «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өтті

Түркістан қаласында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға өңірдегі үздік спортшылар, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен қала тұрғындары, жалпы 500-ге жуық адам қатысты. Шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты бұқара халық арасында кеңінен насихаттау. 

Спорт саласында еңбек етіп жүргеннен соң шараға отбасыммен келуді жөн көрдім. Жұбайым және қос бірдей ұлыммен акцияға қатысып, көпшіліктен қалмай 10 шақырымды жүріп өттік. Шынында спортпен айналысқаннан бөлек күніне бірнеше шақырым жаяу жүруді дәстүрге айналдырсақ деген ниеттемін. Отбасымызбен арнайы сертификатқа қол жеткіздік. Ұлдарым үшін үлкен мотивация, - дейді Түркістан қалалық жасөспірімдер спорт клубының жаттықтырушысы Еркебұлан Қонарбаев.

Акция соңында үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
Өзгелердің жаңалығы