Түркістанда бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр
7 елдің мықтылары жиналды. Түркістанда бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осымен 29-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Камбоджа, Моңғолия және Куба сияқты елдер өз үздіктерін әкелді. Бұған қоса, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жерлестеріміз де бар. Бас-аяғы 163 спортшы енді бірнеше күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Яғни 13 салмақ дәрежесінде медальдар жиынтығы сарапқа салынбақ.
Байрақты бәсеке жас таланттарды қазірден анықтап, болашақ чемпиондарды дайындауға және боксшылардың өзара тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдауына керемет мүмкіндік, - дейді мамандар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы