Түркістанда биыл Саттарханов атындағы спорт кешені мен теннис орталығы пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда нысанның жер жұмыстары мен іргетасын қалау ісі толық аяқталған. 

Жертөле қабырғасы мен бірінші қабаттағы тірек қабырғасы да аяқталуға жақын тұр. Нысан басында 30-дан астам жұмысшы бар. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев спорт кешенінің құрылыс барысын қадағалап, мердігермен кездесті. Ғимаратты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімдігі  баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасады. 320 орынға арналған қосымша ғимараты спортты дамытуға серпін бермек.

Түркістан қаласындағы халықаралық теннис орталығының құрылысы да қарқынды. Бұл орталық биыл пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге облыс әкімі Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы қалалық саябақ пен жасанды көлдің құрылысын көрді. Жасанды көлдің аумағы (56 000 м3) қазылып, тіреуіш қабырғалы жағалауы бетон құю жұмыстарына дайындалып жатыр. Бұл көл Түркістандағы тартымды демалыс орындарының бірі болады деген жоспар бар.

Өмірзақ Шөкеев «Қылует» рухани орталығындағы жұмыстарды да саралады. Жер асты мешіті мен медресенің құрылысына атсалысып, сауапты іске үлес қосты. Бұл рухани орталықта болашақ дін ғұламалары ме қарилар даярланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы