Түркістанда білім беру ұйымдарының директорлары тікелей эфирде тағайындалды

Түркістан облысында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңі ашық форматта өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы жарияланды. Үміткерлерден тікелей көрсетілім жасауға келісім алынған. Конкурстың қорытынды кезеңін 2 мыңға жуық адам тамашалаған.

Ашықтық ұстанымындағы конкурста үміткерді бағалау ашық дауыс берумен жүргізіледі. 

Бүгінгі әңгімелесуге 13 мекемеге 26 үміткер қатысқан. Нәтижесінде, 10 мекеменің бірінші басшылары тағайындалды. Оның біреуі конкурсқа келмеген. Ал екі үміткер әңгімелесу кезеңінде комиссия мүшелерінің шешімімен өте алмады.  

Жалпы өңірдің білім беру жүйесінде  жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта да бұл процестерді жетілдіре түсу көзделіп отыр. Қазіргі таңда өңірде әлі де бос тұрған орындар бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы