Түркістанда белгісіз біреулер оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда белгісіз біреулер көшеде  травматикалық қарудан оқ атқан. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген.

Куәгер атыс қала көшелерінің бірінде болғанын айтады. Видеода көріп тұрғанымыздай белгісіз үш ер адам көлік жүріп жатқанынан қарамастан, жолдың ортасынан жүгіріп өтеді. Енді бірі «барлығың жатыңдар» деп айқайлайды. Кейінірек, соңғы екеуі қашқан адамды ұстап алып, күшпен жақын жерде тұрған көлікке сүйреп апарды.

Облыс полициясы бүгін 24 сәуірде Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқанын растады.

Бүгін Түркістан қаласының көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан . Аталған жайтты полицейлер Түркістан ҚПБ-да 293-бап «Бұзақылық» бойынша  тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылдануда. Болған оқиғаның толық мәнжайы анықталуда.

   


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы