Бүгiн 2026, 16:45
Фото: pixabay.com
Түркістанда әйел 12 метрлік құдыққа түсіп кетті
Тереңдігі шамамен 12 метр болатын құдық суға толы болған
Түркістан қаласындағы Юсупов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында 1976 жылы туған әйел белгісіз жағдайда суы бар терең құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құдықтың тереңдігі шамамен 12 метр болған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен әйелді құдықтан шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.