Түркістанда Ashyq жүйесін енгізу үшін сыйақыға оң қорытынды беріп келген маман ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы пара алды деп күдікке ілінді.
Бұл туралы ANTIKOR News хабарлады.
Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды, - делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қ. ПБ УҰИ-да қамауға алынды.
Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы