Түркістанда 8 айлық сәбидің ішінен ине табылды

Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызылшаға күдікпен 8 айлық сәби жеткізілді. Дәріерлер сәбидің ішінен ине тапқан. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда тексеру барысында жүргізілген рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде баланың іш қуысынан бөгде зат – ине анықталған. Дәрігерлер сәбидің мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурумен емес, дәл осы бөгде заттың әсерінен болғанын нақтылады.

Медицина мамандарының айтуынша, ине баланың асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсынан енгені белгілі болған. Баланың анасы инені сәби өздігінен жұтпағанын мәлімдеді.

Түркістан қалалық орталық ауруханасы мен қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп, шұғыл хирургиялық ота жасап, барлық қажетті ем-шараларды толық көлемде жүргізген.

Уақытылы жасалған операция мен тұрақты емнің арқасында сәби қазіргі уақытта тез қалпына келе бастады. Бұл жағдай ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, тұрмыстық ұсақ заттарға мұқият болу қажеттігін ескертеді, - делінген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы
Өзгелердің жаңалығы