Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды

Түркістанда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 500-ден аса отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі 5 қабатты арендалық үй кезекте тұрғандарға берілді. Олардың басым бөлігі – баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар.

Жалпы жыл басынан бері қалада баспана кезегінде тұрған 482 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы да 990 түркістандық пәтермен қамтылады деп жоспарланған. Қазір қалада 16 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы