Түркістанда 5 млн теңгенің тауарын заңсыз алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Осы жылдың 4 сәуірінде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауар бары анықталған, - делінген хабарламада.


Мәлеметке сәйкес,
Тәжікстан азаматы Р. Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы