Түркістанда 5 елді мекенге газ берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданында табиғи газ қосылған елді мекендер саны артты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, бүгін аудандағы 16 елді мекеннің бесеуі табиғи газбен қамтылды.
Қайнарбұлақ ауылдық округі Қасымбек датқа елді мекеніне аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы арнайы барып, газ құбырын іске қосу шарасына қатысты.
Енді Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын берілді. Аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалы арасында газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін келісімшарт жасалды.
Айта кетейік, Сайрам ауданы 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы