Түркістанда 40 тонна мақта өртеніп кетті

Түркістан облысының құтқарушылары 80 тонна мақтаны өрттен қорғап, өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында мақта өңдеу зауытының аумағында 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта жанды.

Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы