Түркістанда 26 нысанның құрылысы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына не бәрі бір жыл өтті. Түркістан облысында 2 млн жуық адам тұрады. Түркістан облысының құрылысы біздің жұмысымыздың ең маңызды бағыты. Түркістан құрылысы төрт бағытта жүріп жатыр. Біріншіден, Түркістан айналасында климаттық жағдайды сәл өзгерту үшін жасыл белдеу мен азық-түлік белдеуін құрастырып жатырмыз. Жасыл белдеу Түркістан қаласының маңайында 7700 көшет отырғызылмақ. Азық-түлік белдеуі 15 мың км шеңберінде жаңа технологияларды пайдаланып азық-түлік өндіретін кешендер салуды көздейді", - деді өңір басшысы.
Әкім екінші бағыт бойынша 1000 гектар аумақта әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы жүріп жатқанын айтты. 


"Жаңадан қала салынып жатыр деуге болады. Одан кейін тарихи мәдени орталық. Түркістанда тарихи құндылығымыз Ахмет Ясауи кесенесінің төңірегіндегі туристер демалатын, зиярат жасайтын жерлерді қазіргі заман талабына сай қалыптастыру", - деді ол.
Шөкеевтің сөзінше, әкімшілік-іскерлік орталығында келесідей 16 нысанның құрылысы: облыс әкімдігінің ғимараты Түркістан облысының; басқармалар, облыстық және жергілікті биліктің құрылымдары, департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, оқушылар сарайы мен стадион, цифрлық кеңсе "Самұрық-Қазына" ҰӘК қорының; медиа орталығы Алматы қаласының; Нұр-Сұлтан алаңы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің; музыкалық мектеп БҚО; бассейні бар спорт кешені жеке меншік "Петролиум оперейтинг" компаниясы; "Смарт сити" желілері "Қазақтелеком" АҚ; Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі СҚО; қалалық саябақ Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарының; туризм бағытындағы колледж Sembol Construction жеке меншік компаниясының; ХҚКО Павлодар облысының қаржыландыруымен қарқынды жүргізіліп жатыр. Рухани мәдени орталықта 10 нысан: музыкалық субұрқақ ШҚО-ның; Шығыс моншасы Қызылорда облысының; Неке сарайы Қостанай облысының; Ұлы дала елі орталығы Атырау облысының; драма театры Ақтөбе мен Түркістан облыстарының; қабылдау орталығы-визит орталық – Жамбыл облысының; Қожа Ахмет Ясауи музейі "Самұрық-Қазына" ҰӘК қорының; әмбебап кітапхана Шымкент қаласының; Ұлы жібек жолы қолөнер-шебер орталығы Түркістан облысының, амфитеатр Маңғыстау облысының қаржыландыруымен салынып жатыр. Биыл әкімшілік-іскерлік орталығында 6 нысан, рухани мәдени орталығында 5 нысан, бұдан бөлек Назарбаев аллеясы, бульвар құрылыстары қарқынды жүргізіліп, осы нысандар биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы