Түркістанда 2 жарым тонна наурыз көже әзірленді

Түркістанда 2 жарым тонна наурыз көже дайындалды. Ұлттық тағам Ұлыстың ұлы күні мен шаһарда туризм маусымының ашылуына орай әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Аспаздық өнер мен ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында әзірленген жеңсік асқа 250 келі ет пен 1 тонна түрлі дәнді дақылдар қосылған. Көжені әзірлеушілер бір тәулікке жуық уақыт жұмсағандарын айтады. Олар тағамды сыйымдылығы 300 литрге жуықтайтын 12 қазанға бөліп пісірген. Тағам халыққа 150 теңгеден сатылды.

Ұйымдастырушылар одан түскен қаражатты балалар үйіне қайырымдылыққа беретіндерін жеткізді. Ақылы болғанына қарамастан ұлттық тағамнан дәм татқысы келетіндердің санында есеп болған жоқ.

2 жарым тонна наурыз көжені әзірлеу – әрине, енді кішкенте ұйықтамауың бар, оған еңбегің бар... Бірақтан біз мұны махаббатпен сүйіспеншілікпен және осыншама тарихы сәтке өз үлесімізді қосып жатыр деген қуанышпен жасағандықтан біз оған қатты қиналмадық, - дейді ұйымдастырушы Айгерім Наматова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы