Түркістанда 150 отбасыға "Рамазан қоржыны" табысталды

Арыс қаласында Орталық "Ысқақ" мешітінің ұйымдастыруымен "Рамазан қоржыны" атты қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл игі бастамаға "Қолғабыс" қоғамдық қоры қолдау білдіріп отыр.

Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев пен игілікке жаны құмар азаматтар әлеуметтік көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды үлестірді.

Азық-түлік салынған себеттер зағип жандарға, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар жандарға берілді. Көмек алған мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналар мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандарға зор алғысын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы