Түркістанда 1 300-ден астам медицина қызметкері екпе салғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен КВИ-ға қарсы екпемен қамту науқаны басталған болатын, деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Екпе егу жұмыстары бірінші кезекте коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарында жүргізілген.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 22 қызметкері қалалық емханада коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда екпе алғандар мамандар жағдайлары бірқалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Вакцинаның екінші компонентін 25 наурыз күні қабылдайды.

Жалпы Түркістан облысында 1 300-ден астам медицина қызметкері екпе қабылдаған. Наурыз айында КВИ-ға қарсы екпемен мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлерін қамту жоспарланып отыр. 

Осыған орай облысқа Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының 8 600 дозасы жеткізілген


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы