Түркістанда 1 019 283 адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.
Түркістан облысында 1019283 адам екпе салдырды. Екінші компонентті 958 666 адам салдырды. Кейінгі тәулікте 2993 адам екпе салдыруға ниет білдірген.Соңғы тәулікте Түркістан облысында 8 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,05%.
Облыста пандемия басталғалы 1 128 727 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 593-і бос.
Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 577 жағдай тіркелді. Олардың 7710-да ауру симптомсыз өткен болатын.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биылғы қаңтар-қыркүйекте қанша автокөлік тіркелді?
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы