«Turkistan» телеарнасы түркі халықтарының тарихы және мәдениетімен таныстырады – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Turkistan» жаңа телеарнасы өз жұмысын бастады. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының тапсырмасымен Түркістанда жаңа заманауи медиа орталық бой көтерді. Оған еліміздің талантты мамандары жұмыс жасауға шақырылды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
«Turkistan» телеарнасы көрермендерді қазақ, түрік және орыс тілдерінде бауырлас түркі халықтарының тарихымен, мәдениетімен және қазіргі өмірімен таныстырады деп жоспарлануда. Телеарна аймақтағы мәдениеттің дамуына, облыстың жетістіктерін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде танымал етуге оң әсер етеді, - деп жазды ол.
Балаеваның сөзінше, мұның бәрі Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде бекіту туралы тарихи шешімінің арқасында мүмкін болып отыр.
Осы сәттен бастап қазақ халқының және түркі әлемінің рухани бесігі болып табылатын қала жаңа тарихтың санауын бастады. «Turkistan» телеарнасы көрермендерін мазмұнды және қызықты телевизиялық жобалармен қуанта отырып, аймақтың жаңа шежіресін заманауи және жедел ақпаратпен жүргізетініне сенімдімін, - деп атап өтті Аида Балаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы