Ведомствоның хабарлауынша, тауда жүрген ер адам құтқарушыларға хабарласып, жанындағы серігінің денсаулығы күрт нашарлап, қайтыс болғанын айтқан. Сонымен қатар өзінің де жағдайы төмендеп, таудан өз күшімен түсе алмайтынын жеткізген.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.
Құтқару операциясы барысында 1993 жылы туған ер адам тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізілді. Оны дәрігерлер тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетті. Госпитализация қажет болмаған.
Сондай-ақ құтқарушылар 1978 жылы туған ер адамның мәйітін таудан алып түсті. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның өліміне денсаулығының кенеттен нашарлауы себеп болған.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға тауға шығар алдында жақындарына бағытын хабарлап, ауа райы болжамын алдын ала тексеруге кеңес береді. Сонымен қатар өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, жеткілікті ауыз су, дәрі қобдишасы және қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүрудің маңызын еске салды.