Түркістан: Сайрам ауданында теміржол үстіндегі көпір кеңейтіледі
Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласында жаңа жобалар қолға алынбақ. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекенінен Қарабұлақ бағытына қарай облыстық маңызы бар КХ-3 «Ақсукент – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолының 27 шақырым көпірді кеңейтуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңейту жұмыстарынан кейін көпірдегі көлік қозғалысы екі жолақтан төрт жолаққа ауыстырылады. Бұдан бөлек, Әйтеке би ауылына өтетін аумақта айналмалы жол салу жоспарлануда.
Нәтижесінде, аталған жолдағы көлік кептелісі азайып, жолаушыларға оң әсер етпек. Жобаның құрылысын іске асыру 2025 жылға жоспарлануда.
Биыл құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 244 нысан немесе 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырымды құрайтын 149 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп жазды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер сотталды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы