20 Қаңтар 2024 2024, 23:50 Фото: baq.kz

Түркістан: Сауранда жылына 100 мың дана тері өңдейтін кәсіпорынның қазығы қағылды

Сауран ауданында «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынның қазығы қағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауран ауданында «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынның қазығы қағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан орталығында салынатын кәсіпорынның жоба құны – 1 млрд теңге. Ол 30 гектар жерге орналасқан. Жоба қуаттылығы – жылына 100 мың дана тері өңдеу. 50 адам жұмыспен қамтылады. Аталған нысан күз айында пайдалануға беріледі.

«Жандос» тері өңдеу кәсіпорынының басшысы ауданда жастар жұмыспен қамтылатынын жеткізді.