Түркістан: Сауранда сапар орталығы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сауран ауданындағы Жүсіп ата кесенесінде сапар орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоба Ескі Иқан ауылдық округі кәсіпкерлерінің бастамасымен қолға алынған. Қазіргі таңда нысан құрылысымен қатар орталық маңын абаттандыру ісі де қарқынды.
Ғимарат аумағында қонақтарға арналған демалыс орындары мен арнайы автотұрақ бар. Сондай-ақ кешеннің әкімшілік ғимараты, «Жүсіп ата» тарихы және «Өңір тарихы» музейі орналасады.
Сапар орталығында кітаптар мен ауыл тарихын көрсететін мәліметтер, суреттер қоры жиналуда. Былтыр басталған құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта Жүсіп ата кесенесі Түркістан өңірінің туристік маршрутына енетін болады, – делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды
Өзгелердің жаңалығы