Түркістан-Самарқанд бағытында әуе рейсі ашылды
Qazaq air әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кazinform жазғандай, рейстер заманауи, жайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 20.20-да, ал Самарқандтан сағат 21.20-да ұшады.
Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, – делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақша айырбастау пункттеріндегі бүгінгі валюта бағамы
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы