Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Мәжіліс «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов атап өткендей, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 27 қыркүйекте Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде берілген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобалары Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді институционалдық орталық құруға, Түркістан қаласының ҚР-ның рухани және тарихи орталығы ретінде қызмет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, Түркістан қаласына құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге бағытталған, - деді депутат.

Сабильянов комитет заң жобаларын жұмысқа алып, қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы