Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріле ме

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы жақын арада Парламентке енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын дайындау бойынша бастама болғанын білеміз. Бұл заң жобасы дайындалды ма? Ол қабылданған жағдайда Түркістан қаласы немен ерекшеленеді? БАҚ өкілдері сауал жолдады.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл бүкіл Түркістан халқы күтіп отырған жоба.

Былтыр Президентіміз Түркістан облысына жасаған іс-сапары барысында Түркістан ерекше статусқа лайықты деді. Соған сәйкес біз оны жұмыс барысына алып, арнайы заң жобасын әзірлеп орталыққа ұсындық. Орталық мемлекеттік органдардың қарауында. Көбісінің келісімін алдық. Жақын арада Үкіметтің келісімімен ары қарай Парламентке өткіземіз. Түркістан ең көне қала. ЮНЕСКО тізісміне кіретін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Соны сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуімз керек. Ерекше статус берілуі қосымша мүмкіндік беріледі. Рухани және мәдени дамуына серпін береді дегенге сенеміз,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы