Түркістан полицейлері танысының 150 қап күрішін сатып жіберген алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. 

Оның айтуынша танысы  150 қап күрішін аудандағы  дүкендерге апарып  сатып беремін деп  сендірген.  

Алайда танысы күрішті алған сәттен хабарсыз кеткен. Өзінің алданғанын сезген  жәбірленуші  бірден полицейлерден көмек сұраған. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 100 000 теңге.

Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқты  ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауап алынды. Күдіктінің баруы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. Соның нәтижесінде полицейлер күдіктіге қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстап полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Сондай-ақ күдікті оңай жолмен ақша тауып, өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы