22 Қазан 2021 2021, 12:35

«Түркістан – Өскемен» авиарейсі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан халықаралық әуежайында «Түркістан – Өскемен» рейсі ашылды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан халықаралық әуежайында «Түркістан – Өскемен» рейсі ашылды.

Бұл түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған 16-әуе бағыты. 

Бұған дейін іске қосылуы керек болған авиарейс Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. 

Аталған әуе бағыты ашылған соң, жолаушылар легі төмен болатын «Түркістан-Семей» әуе бағыты жабылды.