Түркістан өңірінде 140 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
Брифинг барысында ол Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес айдағы қорытындысымен таныстырды. Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірде 141 мыңнан аса шағын орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.
«Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге берілген қаржылар көлемі 3 жылдың ішінде 97,2 млрд теңгеге жетті. Осы жылдың 5 айында 28,8 млрд теңгеге 537 жоба мақұлданды. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі үш жылдың ішінде 5,3 есеге артып, жыл қорытындысымен 823,2 млрд теңгеге жетті, - деді ол.
Сонымен қатар облыс басшысы өнеркәсіптік өнім көлемі 238,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 млрд теңгеге артқанын атап өтті.
Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд теңгені құрайтын және 4 340 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш жылда Түркістан облысына 1,6 млрд теңге инвестиция салынды
Келесі жаңалық
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Өзгелердің жаңалығы