Түркістан облысының тұрғыны есірткі өсіру үшін өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген.
Оның үйінің бақшасынан заңсыз фитозертхана анықталды. Арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 килограмнан астам есірткі салынған қаптар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстандық әйел Антарктиданың ең биік шыңын бағындырды
Өзгелердің жаңалығы