Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында қайтыс болды
Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы растады, деп жазды Zakon.kz.
Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген. Е. Бүкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылдары Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы прокуратурасының тергеуші-стажері лауазымынан бастаған. Сондай-ақ Ақсу аудандық, Екібастұз аудандық соты, Павлодар облысы Ақсу қаласы және Павлодар ауданының соты болып қызмет етті.
Кейіннен ҚР Бас Прокуратурасының басқармасына басшылық етті. 2012 жылы қазан айында Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастығы болды.
2014-2018 жылдары ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнінде комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Бас көліктік прокуроры, Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2020 жылдың ақпанында Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалды.