Түркістан облысының полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері 15 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәртіп сақшылары 850 түп өсіп тұрған, 20 түп шабылған өсімдік және 5 пластмасс ыдыстағы марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қызылорда облысының екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды, – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеліп, заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілген. Зерттеу қорытындысы бойынша 15 келіден астам кептірілген марихуана екендігі анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы