Түркістан облысының полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Жолда қабылдау” акциясын өткізіп, 200-ден астам тұрғынды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 орында өткен акцияның екі тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді. Мәселен, жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды.
Жалпы, бұл акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау. Айта кетсек, іс-шара келесі айда тағы өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда ит пен мысыққа 178 млн теңге бөлінген
Өзгелердің жаңалығы