Түркістан облысының полицейлері 88 жастағы тұрғынның құжатын рәсімдеп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері 88 жастағы тұрғынның құжатын рәсімдеп берді, – деп хабарлайды polisia.kz.

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылының тұрғыны 88 жастағы Пістекүл Садықованың ҚР жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты бірден тіркеуге алып, құжат рәсімдеу мақсатында арнайы топ құрады. 

Нәтижесінде Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі тобының қызметкері Дулат Қыдырбеков аяулы ананың тұрғын үйіне барып, дайын болған құжаттарын рәсімдеп табыстады. 

Анамыздың құжатын рәсімдеуге үлкен көмек берген полициейлерге рақметімді айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін!, – деп алғысын білдірді көңілі толған қарт ананың қызы төлебилік полицейлерге.
Облыс тұрғындары, полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы