Түркістан облысының ардагерлері 45 млн теңге алатын болды
Түркістан облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев BAQ.KZ тілшісіне берген ресми жауабында өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 9 ардагері тұратыны айтқан болатын.
Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне әкімдік тарапынан 5 000 000 теңге көлемінде біржолғы материалдық төлемақы беру жоспарланып отыр, - деді әкім орынбасары.
Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестілген азаматтарға санаттары бойынша 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін біржолғы қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр. Сондай-ақ "Ардагерлер туралы" заңына сәйкес әлеуметтік қолдау шаралар көрсетіледі.
Бұған дейін Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатынын жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлем бойынша мұнай бағасы арзандады
Келесі жаңалық
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында
Өзгелердің жаңалығы