Түркістан облысының бірнеше ауылына таза ауыз су тартылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырар ауданы Маяқұм ауыл округіне қарасты Қостерек және Қарақоңыр ауыл округіндегі Арыс елді мекендерінде таза ауыз су нысаны іске қосылып, ел игілігіне берілді. Әрқайсысының құны 165 млн теңге болатын су жүйелері 1100-ден астам тұрғынды таза ауыз сумен қамтымақ, деп хабарлады otyrar.kz.

Екі нысанның да құрылысы мерзімінде халық игілігіне беріліп отыр. Бұрын көрші ауылдардан суды тасымалдап ішкен елді мекен тұрғындары енді ол мәселеден түбегейлі құтылды. 

"Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев 2011 жылғы халыққа арнаған Жолдауында 2020 жылға дейін елді мекен тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуді жүктеген болатын. Елбасы тапсырмасының бүгін ауданымыздағы екі елді мекенде орындалғандығының куәсі болып отырмыз. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады" ,- деді аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов.   

Сондай-ақ аудан әкімі бүгінгі таңда аудан тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылуы 93,6 процентті құраса, алдағы уақытта су қорының анықталуына байланысты 100 процент орындайтындығын, сонымен қатар алдағы 2-3 жылда аудандағы елді мекендердің барлығына табиғи газ құбырларын тарту жоспарланып отырғандығын ерекше атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы