Түркістан облысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар

Түркістан облысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сол сияқты синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман, көктайғақ және жел болады.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман түседі.

Жамбыл облысында жел соғады, тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды ​​облыстарында тұман түседі.

Ұлытау, Павлодар облыстарында жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында қар жауып, тұман түсіп, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында жел соғады, тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында бұрқасын, жел соғады.

Түркістан облысында өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, мұндай жағдайда су басуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы