Түркістан облысындағы оқушылар мен мұғалімдер тамақтан уланбаған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында оқушылар мен мұғалімдердің жаппай тамақтан уланғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Білім басқармасының мәліметінше, дүйсенбі күні таңертең балалар бояудың иісінен қолайсыздық сезініп, дереу жедел жәрдем шақырылған.

Оқушылар ауруханада бір сағатқа жуық болып, одан кейін бірден үйлеріне жіберілді. Қазіргі таңда балалар онлайн форматта оқып жатыр. Тек ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз, - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Бүгінде аталған жағдайды зерттеу бойынша жұмыс комиссиясы құрылды.

Бұған дейін Түркістан облысындағы мектептердің бірінде өздерін жайсыз сезінген 29 оқушы мен 10 мұғалім ауруханаға жеткізілгенін мәлімдедік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы