Түркістан облысындағы ауылда қоймадан ірі өрт шықты
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында қойма өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабарлама 112 құтқару пультіне түскен. Алғашқы бөлімшелер жеткенде өрт өршіп, шатыр мен қабатаралық жабын ішінара құлаған.
Өртті сөндіру жұмыстары жоғары температура, қатты түтін және жалынның жылдам таралуы салдарынан күрделене түсті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.
Жалынды ауыздықтауға ТЖД, ЖАО және ПД тарапынан 55-ке жуық құтқарушы және 19 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар бірнеше су оқпандары, оның ішінде автосаты қолданылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің аумағы 1000 шаршы метрді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұман, бұршақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы