Түркістан облысындағы әкімдік ғимаратында төбелес болды
Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің ғимаратында екі азаматтың қатысуымен төбелес болды. Олардың бірі – шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкер, ал екіншісі – ресми түрде жұмысқа орналаспаған жергілікті тұрғын. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға дүйсенбі күні таңертең болған. Әкімдік мәліметінше, төбелеске қатысушылар бұрыннан таныс болған.
Аталған азаматтар мемлекеттік қызметкер болып табылмайды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – делінген ресми хабарламада.
Төбелестің нақты себебі мен оны кімнің бастағаны әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Бейресми ақпараттарға сүйенсек, жанжал барысында азаматтардың бірі жарақат алған. Алайда Келес аудандық ауруханасы пациент құқығына сілтеме жасап, бұл ақпаратты нақтылаудан бас тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына шықты
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы