Түркістан облысында жүзден астам адам жинап, той өткізгендер айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан олысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес 27 қыркүйектен бастап 100 адамнан асырмай отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілген.
Дегенмен бұл шектеулерге қарамастан өңір тұрғындарының көпшілігі 100 адамнан асырып мерекелік іс-шараларды өткізуді жалғастыруда, бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін жоғарылатады. Сарыағаш және Жетісай аудандарында мониторингтік топ кезекті рейд барысында 200-ге жуық қонақ шақырылған мерекелік іс-шараларды анықтады. Ал Келес ауданының тұрғыны жеке үйінің ауласында шектен тыс адамның қатысуымен той өткізген. СЭБД-нің Қаулысы талаптарын орындамағандығы үшін кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес айыппұлдар салынды.Облыста карантин талаптарының сақталуына бақылау жүргізетін 120 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Жыл басынан бері бүгінге дейін 4 711 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 264 427 000 көлемінде айыпұл салынды.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектен тыс адам жинай отырып, іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулер карантин талаптарын бұзушылықтар санын айтарлықтай азайтуға өз септігін тигізгендігін атап өтеді. Атап айтқанда, тамыз айында 527 бұзушылық анықталса, қыркүйекте-360, қазанда-184, қарашада 44 дерек анықталды, - деп хабаролады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған елдердің саны артты
Өзгелердің жаңалығы