Түркістан облысында жүк пойызындағы өрт сөндірілді

Түркістан облысының Түлкібас ауданында рельстен шығып кеткен 8 жабық вагондағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға вагондарды бүйіріне аударып, жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірді, бұл шпалдар мен қураған шөптердің өртенуіне әкелді. Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр алаңда өртті жойды, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк пойызы рельстен шығып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы