Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлап, бір адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайарам ауданында жүк көлігі көпірден құлап, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.

Қайғылы жағдай 13 шілде күні Ақсу елдімекені маңындағы бұрылыста болған.

ТЖД-і мәліметінше, 13 шілде күні сағат 17.44 шамасында Алматы-Термез жолының 657 шақырымында «Volvo» жүк көлігінің 25 жасар жүргізушісі рөлді басқара алмай көпірден құлаған. Құлаған көлік бірден өртке оранып, толықтай жанып кеткен.

Өрткенген көліктен жүргізуші жанындағы серігінің денесі табылды. Оның жеке тұлғасы анықталу үстінде. Жүргізуші мен серігі Қырғызстан азаматтары,-делінген ТЖД мәлімдемесінде.

Құтқарушылардың болжамы бойынша, жүргізуші қатты жаңбыр жауған кезде тайғақ жолда көліктің тізгініне ие бола алмай қалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы